02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №9

289 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 19 қаңтар, Астана қаласы Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру қағидаларын бекіту туралы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 63) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтерді көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелері; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтерді көрсету нәтижелерінің дұрыстығын тексеру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б.Қазанғап): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталдарында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшасында ескерілген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Е.ДОСАЕВ 2016 жылғы 28 қаңтар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №9 бұйрығына 1-қосымша Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтерді көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелері 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін (бұдан әрі – Міндетті деректемелер) Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңы 7-бабының 63) тармағына сәйкес әзірленген және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін белгілейді. 2. Осы Міндетті деректемелерде келесі негізгі түсініктер қолданылады: 1) жедел хабарлама – жедел қысқа хабарлама режімінде сервистік қосымшамен және ұялы байланыс желісі абоненті арасында интерактивті өзара іс-қимылды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін деректер беру технологиясы; 2) жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланыс сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақтың шеңберінде географиялық жағынан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, жылжымалы байланыс желілерінде (ұялы, транкингтік, спутниктік телекоммуникациялар желісінде және басқаларда) жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын байланыс құралы; 3) қысқа мәтінді хабарлама – ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызметі; 4) матрицалық код – «Ақпараттық технологиялар» ҚР СТ ИСО/ХЭК 18004-2009 стандартына сәйкес электрондық құжатқа енгізілген матрицалық екіөлшемдік штирх код түріндегі, оның техникалық құрал-жабдықтарының мүмкіндігін ұсынатын графикалық ақпарат; 5) пайдаланушыға электрондық ақпараттық ресурстар беру жөніндегі көрсетілетін қызмет – электрондық нысанда көрсетілетін ақпараттық қызмет; 6) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат; 7) «электрондық үкімет» мобильдік қосымшасы (бұдан әрі – мобильдік қосымша) – абоненттік жылжымалы желі құрылғысында орнатылған және іске қосылған ұялы байланыс және интернет арқылы электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерге және басқа да қызметтерге қолжетімділік беретін қамтамасыз ететін бағдарлама; 8) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «ортақ терезесін» білдіретін ақпараттық жүйе. 2. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық нысандағы мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелері 3. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі, «электрондық үкімет» веб-порталының пайдаланушысы кабинетіне бағытталған электрондық нысандағы құжат келесі міндетті деректемелерді құрайды: 1) «электрондық үкімет» мобильдік қосымшасы арқылы электрондық нысанда мемлекеттікқызмет көрсеткенде: электрондық құжаттың бірегей нөмірі; мемлекеттік және өзге де қызметті электрондық нысанда алған күні; Қызмет алушының ЖСН/БСН; матрицалық код. 2) қысқа мәтінді хабарлама және жедел хабарлама арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсеткенде: электрондық құжаттың бірегей нөмірі; Қызмет алушының ЖСН/БСН. 4. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық нысандағы басқа да қызметтерді көрсе­тудегі міндетті деректемелер, міндетті деректемелер талап етілмейтін электрондық нысандағы көрсетілетін ақпа­раттық қызметтерді қоспағанда, осы міндетті деректемеге 3-тармақта көрсетілген деректемелер болып табылады. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №9 бұйрығына 2-қосымша Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтерді көрсету нәтижелерінің дұрыстығын тексеру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық нысандағы мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсету нәтижелерінің дұрыстығын тексеру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 7-бабы 63) тармақшасына сәйкес әзірленді және Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық нысандағы мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерінің дұрыстығын тексеру тәртібін белгілейді. 2. Осы Тәртіпте келесі негізгі түсініктер қолданылады: 1) матрицалық код – «Ақпараттық технологиялар» ҚР СТ ИСО/ХЭК 18004-2009 стандартымен сәйкес электрондық құжатқа енгізілетін матрицалық екіөлшемдік штирх код түріндегі, оның техникалық құрал-жабдықтарының мүмкіндігін ұсынатын графикалық ақпарат; 2) «электрондық үкімет» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «бір терезесін» білдіретін ақпараттық жүйе болып табылады; 3) «электрондық үкімет» мобильдік қосымшасы (бұдан әрі – мобильдік қосымша) – жылжымалы желі абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған ұялы байланыс және интернет арқылы электрондық нысандағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге және басқа да қызметтерге қолжетімділік беретін бағдарлама; 4) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі. 2. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтерді көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерінің дұрыстығын тексеру тәртібі 3. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілген электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтерді көрсету нәтижесі болып табылатын электрондық құжаттарға жататындығы міндетті деректемелерінің дұрыстығы қызмет берушінің уәкілетті лауазымдық тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады. Қызмет берушінің уәкілетті лауазымдық тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы туралы ақпарат матрицалық кодтан тиісті ақпаратты алу жолымен тексеріледі. 4. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық құжаттарға электрондық құжаттардың тиесілігі «электрондық үкімет» веб порталымен қалыптастырылған және берілген электрондық құжаттың бірегей нөмірімен расталады. 5. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтерді көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерінің дұрыстығын тексеру «электрондық үкімет» веб-порталында, сондай-ақ «электрондық үкімет» мобильдік қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. 5-тармақта көрсетілген тексеруді жүргізу үшін пайдаланушы, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған қызметті тексеру» сервисін таңдайды, электрондық құжаттың бірегей нөмірі мен көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН енгізеді және тексеру оң нәтижелі болғанда, пайдаланушыға көрсетілген қызмет нәтижесін көру мүмкіндігімен қоса және мемлекеттік және басқа да қызметті электрондық нысанда көрсетуге сұрау салу қортындысы бойынша құжатқа қол қойған қызмет көрсетуді беруші уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы туралы ақпарат қолжетімді болады. Тексеру теріс нәтижелі болған жағдайда, электрондық құжатты тексеру кезінде енгізілген ЖСН/БСН және нөмірлі электрондық құжаттың жоқтығы туралы хабарлама шығады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 24 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13184 болып енгізілді.